Өскемен
ясно
-21°
  • Өскемен
    -21°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -12°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    -4°
$
514.93
-0.96
536.04
-0.28
¥
70.55
-0.15
5.18
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендіктер қала әкімінің атына петиция жазды

Қала тұрғындары Абай даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолағын қайта қалпына келтіруді талап етуде

Жаңажылдық демалыстардан кейінгі алғашқы жұмыс күні қала билігі Абай даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолағын алып тастаған. Енді автовокзалға тек жер үсті өткелі арқылы баруға болады.

Бағдаршамдар таңертеңнен демонтаждалып, өткел туралы сызба мен ақпарат әлеуметтік желідегі қалалық әкімдіктің ресми парақшасында кешке жақын пайда болған. Халық орын алған өзгерістер туралы басқаша құлақтандырылмаған.

Автовокзалға апаратын жаңа жол тұрғындардың наразылығын тудырды. Сондықтан да Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың атына петиция жазып, жағдайды түзетуді сұраған.

"Құрметті Өскемен қаласының әкімдігі және Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, Тәуелсіздік және Абай даңғылдарында жер үсті өткелі салынғаннан кейін орын алған жағдайды назарға алуыңызды сұраймыз. Абай даңғылы бойында автовокзал жақтан Тамирлан СҮ-не қарай реттелетін жаяу жүргіншілер жолағын реттелмейтін етіп демонтаждаудың қолайсыздығы алдағы уақытта ЖКО тудыруы мүмкін. Жер үсті өткелінен бір беттен екінші бетке өту ыңғайсыз екендігіне назар аударуыңызды сұраймыз. Одан өзге, маңында мектеп, "Заречный" базары мен бірнеше аялдама бар. Бұл өзгеріс жаяу жүргіншілерге де, автокөлік иелеріне де ыңғайсыздық тудыруда. Сізден Абай даңғылындағы реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін қайтаруды сұраймыз.

Өйткені, ТҮКШ қабылдаған барлық шешім – ЖКО тудыратын қате шешім.

https://www.petitions247.com/-nadzemniiperehod

Оңды шешім қабылданады деген сенімдеміз".


Бірнеше сағаттың ішінде петицияға 200-ден астам адам қол қойды.

Следующая →