Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Неге жаңажылдық кешке кейбір "ерекше" балалар шақырылмай қалады?

Мүмкіндігі шектеулі бала жаңажылдық мерекеге шақырылмай қалғанда, не істеуге болады

Жыл сайын балаларға арналған түрлі жаңажылдық кештер өтеді. Алайда кейбір мүмкіндігі шектеулі балалар бұл мерекелік кештердің біріне де шақырылмай қалтарыста қалады.

- Психоневрологиялық диагнозы бар балалардың көбі мерекеге шақырылмай қалады. Әсіресе, үйде оқитын балаларға мән берілмейді. Балалар онсыз да төрт қабырғада қамалып отырады, жаңа жылдық шыршаға шақырып, көңілін көтеруге болады ғой, - дейді мүмкіндігі шектеулі баланың анасы Меруерт.

Осындай көптеген кедергілер мен қиындықтарға байланысты мүгедек балалардың аналары арнайы бірлестік те тұрған. Оның ұйымдастырушысы Ирина Чикованың айтуынша, мүгедек балалардың жаңажылдық кешке шақырылмауы бұрыннан бері әдетке айналған.

- Ұлым 11 жаста, церебералды паралич дертіне шалдыққан. Ол тек бір рет қана "шыршаға" барған. Ол кезде онымен бірге бір аутист бала мен арбаға таңылған бала, Даун дертіне шалдыққан тағы бір бала болған. Болды. Одан басқа мүгедек балалардың бірде бірі ол кешке бармаған, - дейді Ирина.

Ал ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне қарағанда, Өскеменде мүмкіндігі шектеулі 5 мың бала тұрады. Ал Өскемен қалалық білім беру бөлімінің хабарлауынша, жыл сайын жаңа жылға байланысты облыс әкімі, қала әкімі және президент шыршасы өтеді, алайда оған барлық баланы шақыру мүмкін емес.

- Шыршаға мүгедек балаларды, мұқтаж балалар мен жай балаларды да шақырамыз. Мәселен, 25 желтоқсан күні қала әкімінің шыршасы екі жерде өтті, оның біріне 225 бала қатысса, екіншісіне 250 бала қатысты. Ал олардың әрбір төртіншісі мүмкіндігі шектеулі балалар, - дейді мекеме басшысының м.а. Дмитрий Журавлев. - Үйде отырған балалардың барлығын шақыруға тырысатынымыз анық. Бірақ олардың денсаулығы мұндай іс-шараларға баруға жарай бермеуі мүмкін. Егер қандай да бір себептермен мұндай балаларға сыйлық берілмей қалса немесе шырша мерекесіне шақырылмай қалған болса, онда маған жүгінулеріңізге болады.

Өскемен білім беру бөлімінің мекенжайы: Қ.Қайсенов көшесі, 10а-үй. Телефоны: 24-11-91.


Следующая →