Алтай қаласының орталық алаңына ағаштан жасалған Аяз ата мен Ақшақар қойылды
Биылғы жылы мұздан ойып жасалған мүсіннің орнына 700 келі ағаштан жасалған Аяз және мен Ақшақар қойылыпты
Өскемен қаласында шыршаны металлдан жасап жатқанда, Алтай қаласында жаңажылдық ертегі кейіпкерлерінмықтырақ жасауды шешкен. Ақша қар мен Аяз атаға алыстан көз тіксеңіз, құдды қардан жасалғандай. Бірақ жақынырақ көргенде мүсіннің ағаш екеніне көз жеткізесіз. Жұмыстың нәзік болғаны соншалық, ертегі кейіпкерлеріАлтай қаласының алаңына шынайы көрік беріп тұрғандай, Устинка LIVE хабарлайды.
Қардың орнына ағаш мүсін қою шешімі күзде қабылданған болатын. Алтай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің айтуынша, туындының авторы - талантты орманшы Иван Куртуков.