Өскемен
малооблачно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    +4°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -14°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +9°
$
522.38
+2.36
612.6
+3.81
¥
74.05
+0.37
6.54
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендіктер Жаңа жылды қалай қарсы алады

Өскемен қаласының әкімдігі 31 желтоқсанда қала тұрғындарын қандай іс-шаралар күтетіндігін айтты

Жаңажылдық кешке ұйымдастырушылар спорттық жарыстар және концерттік бағдарлама мен басты алаңда отшашу дайындады, деп хабарлайды Устинка LIVE.

31 желтоқсанда сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін "Алтай" және Комсомол аралдары стадионында спорттық жарыс - көңілді старт өтеді. Сонымен қатар, "Темекіні кәмпитке ауыстыр" тақырыбында салауатты өмір салтын ұстану акциясы ұйымдастырылады.

Кешкі сағат 22.00 -де, Комсомол аралында, Комедтантка өзенінің жағасында және Республика алаңында қаланың шығармашылық ұжымдары тұрғындарға "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты концерттік бағдарлама ұсынады.

- Қала тұрғындары Комсомол аралында мерекелік отшашуды 00.00-де, Коменданткада сағат 00.30-да, ал Республика алаңында 01.00-де тамашалайтын болады, - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Сонымен қатар, мереке күндері қалада мұз айдындары жұмыс істейтін болады: Алтай стадионы 31 желтоқсан сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін, 1 қаңтарда -12.00-ден 23.00-ге дейін, 2 қаңтарда -11.00-ден 23.00-ге дейін. Ал Комсомол аралында 31 желтоқсанда 09.00-ден 02.00-ге дейін, 1, 2 қаңтарда - 09.00-ден 23.00-ге дейін.

Өскеменнің ең кішкентай тұрғындары 27-30 желтоқсан күндері сағат 10.00-де, 12.30-да, 14.30-да облыстық драма театрында өтетін "Сенімді дос" жаңажылдық қойылымын көре алады. Сондай-ақ, премьераны 3, 4, 6, 11, 18, 25 қаңтарда 12: 00-де көруге болады. Билеттің бағасы 800 теңге.

Мерекелік отшашуды Республика алаңында тамашалау қала тұрғындарының айтуынша, жыл сайынғы отбасылық дәстүрге айналған.

Следующая →