Өскеменнің үш азаматына қаланың Құрметті азаматы атағы берілді
Қала мәслихаттарының кезекті сессиясында үміткерлердің есімі бірауыздан аталды
Өскемен қаласының Құрметті азаматы атағы үш адамға берілді: Өскеменде хоккей спортын дамытуға үлесін қосқан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Беляев, ҚР еңбек сіңірген бапкері, самбо мен дзюдо жаттықтырушысы Жаңаәділ Атаев пен қала мәслихатының депутаты, танымал меценат Сергей Коротинге бұйырды.
Аталмыш азаматтардың барлығы – Өскемен қаласының дамуына үлкен үлес қосқан үздік жандар. Мәселен, 2018 жылдың өзінде Сергей Коротин қайырымдылық шараға 20 млн теңге жұмсап, көпбалалы отбасыларға, талантты балалар мен мектеп оқушыларына көмек көрсеткен.
Ол – №21 сайлау округінің депутаты, "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық Саяси кеңесінің мүшесі, "Ореол" партия ұйымының төрағасы, "НКГ" Фирма" ЖШС басшысы. Кәсіпкер қаланың әлеуметтік өміріне белсене араласа отырып, қайырымдылық істерді жасауды өмірлік ұстанымына айналдырған.
Сергей Викторович Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу орталығын өз қамқорлығына алған, №8 орта мектебі мен №15 орта мектебіне жыл сайын көмек жасап отырады. Аталған мектептердің робототехника сыныбын жасауға көмектескен. Жыл сайын қарттар күні мен Жеңіс күндері зейнеткерлерге көңіл бөледі.
Кәсіпкердің бастамасымен биыл "Альшемали" сауда үйінің алдында Кеңес Одағының батыры Владимир Мызаға арнап ескерткіш орнатқан.
- Сергей Викторович, Сізді Құрметті азамат атағын алуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз бұл атаққа лайықсыздар! - дейді "Нұр Отан" партиясының Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасары Майраш Екібасова.