Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының тұрғыны қаланың негізгі мұз айдынының біріне шағым жасады

Қала тұрғыны облыс орталығының сол жақ жағалауындағы Комсомольск аралында орналасқан мұз айдынына риза емес

"Устинки плюс" сенім телефонына қала тұрғынынан шағым түсті. 25 желтоқсан күні кешке сырғанақ тебе алмаған, себебі сол күні кіреберістің қақпасында құлып қойылған.

Қала тұрғыны сағат 19.00-де мұз айдынға сырғанауға келеді. Бұл күні сырғанақ сағат 23.00-ге дейін жұмыс істеу керек болатын. Ақырында қақпасы жабық болып басқа мұз айдынға баруға тура келеді. Біраз уақытын жоғалтады.

Алайда, Өскемен қаласының әкімдігінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығының " әкімшілігі қақпада құлыптың болмағанын айтады.

- Мен ол жерден сағат 18.30-да кетіп қалдым, кейінірек кешке 20.00-де маған звондап екі адам сырғанап жүргенін айтты, - дейді Орталықтың директоры Самалбек Саматов. - Күзетші кеше кешкі сағат 22.00-ге дейін ашық болды деді.

Самалбек Саматов редакцияға келіп түскен шағым Комсомол аралдарындағы мұз айдынының беделін түсіргісі келетін бәсекелестердің бірі болуы мүмкін деп санайды. Жалған мәліметтерді мұз айдын қызметкерлері де жоққа шығармайды. Қалай болғанда да, Самалбек Саматов мұз айдынының кестесін қадағалауға уәде берді.

Өскеменде тағы бір мұз айдыны осы күндері жабылды. "Алтай" стадионындағы балалар алаңы кеше жұмыс істемеді және қатты аязға байланысты бүгін жұмыс істемейді. Әкімшілік қызметі оны сырғанақ тебушілерге қауіп төндіретін мұзда жарықтар пайда болды деп түсіндіреді.

"Алтай" стадионындағы мұз айдындыкүн жылына сала ашамыз жеп уәде берді.

Следующая →