Риддер тұрғыны Жигулидің астына түсті
Апат салдарынан ер адам түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді
Риддер қаласындағы медициналық мекемелердің бірінің дәрігері оқыс оқиға туралы 24 желтоқсанда полицияға хабарлады.
Дәрігер ер адамның ауруханаға жол апатынан кейін жатқызылғанын айтқан.
- Полиция мәліметтерді тексеріп, ВАЗ-21214 автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылы бойымен Республика алаңына қарай жүріп келе жатып, 51 жастағы ер азаматты қағып кеткенін анықтады, - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.
Енді апат фактісі бойынша полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігінде "Адамның денсаулығына елеусіз зиян келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады.