Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен әкімі: "Келесі жылы біз жастардың мәселесін шешетін боламыз"

"Алау-2018" жастар форумында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жастарды қаланың әлеуметтік және мәдени өміріне қосқан үлестері үшін марапаттады

Форумға жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері, "Жас Отан" жастар қанаты, Жасыл ел, ЖОО және ТжКБ оқушылары, сондай-ақ, облыс орталығындағы түрлі салалардың жас қызметкерлері қатысты.

- Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Жайлауов және "Торпедо" хоккей клубының мүшесі Аркадий Шестаковты ерекше атап өткім келеді. Оларды қазіргі заман батырлары десек болады, - деді Жақсылық Мұқашұлы.

ШҚО әкімінің атынан екі бөлмелі пәтерге ие болған Шаяхмет Қанапиянов, "Бала дауысы" фестивалінің жүлдегері Мәулен Ахметқалиев және олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Уланов кештің арнайы қонағы болды.

- Мұндай адамдар бізде көп. Олар жастарға үлгі болу үшін елдің алдында болуы керек, - деді Жақсылық Омар.

Өскемен қаласының әкімі 10 адамға диплом тапсырып, қаржылай сыйлықтар берді:

"Жылдың студенттік көшбасшысы" - Марлен Абубакір

"Жылдың жас маманы" - Марат Сматов

"Жылдың жас журналисі" - Маргарита Малышева

"Жылдың жас ғалымы" - Алина Ким

"Жас оқытушы" - Надира Махметова

"Жас кәсіпкер" - Андрей Горковенко

"Жас спортшы" - Денис Уланов.

- Мен жас спортшыларға алғыс айтқым келеді. Мен келесі жылы халықаралық байқауларда біздің туды желбіретіп, біздің әнұранды  ойнататуға уәде беремін, - Денис Уланов.

Сонымен қатар, "Нұрсалауат" денсаулық орталығы "Жылдың жастар ұйымы", ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің аралас хоры "Жас шығармашылық ұйым" және Қажыбековтер отбасы "Жылдың жас отбасы" деп танылды.

- Біз осындай жастармен жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Алдағы уақытта жастар мәселесіне көбірек назар аударатын боламыз, - деп уәде етті Жақсылық Омар. - 2019 жылы "Жастар жылы" деп жарияланды, біз бұл жылы жастардың тұрғын үй және жұмысқа орналасу бойынша мәселелеріне баса назар аударатын боламыз. 


Следующая →