Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

"Император" СК жаңажылдық тосынсыйлар ұсынады

"Император" СК өскемендіктер үшін ғажайыпқа толы мереке сыйлап, тосынсыйлар тарту етпек

Жаңа жыл - ғажайыптардың уақыты және әрқайсысымыз осы сиқырлы мерекеде Аяз Атадан шағын болса да сыйлық күтеміз. Ал ондай сыйлықтарды мереке қарсаңында Император сауда орталығы сыйлайтын болады. Сауда кешенінің келушілері ит жылыныңсоңғы күндерінде қызықты сауда-саттық жасап қана қоймай, тәтті сыйлықтарға да ие болады.

- Бізде "Император" СК-да балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекесі өтеді. Шаралар 26, 27 және 28 желтоқсан күндері сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін, 29 және 30 желтоқсан күндері сағат 12.00 -ден 15.00 -ге дейін өтеді, - дейді Император сауда кешенінің PR-менеджері Анастасия Рутковская. - Кішкентай қонақтар Аяз атаны, Ақшақарды, ертегі кейіпкерлері: Жалмауыз кемпір және қарақшылармен тамаша ойын-сауық бағдарламаларын тамашалай алады. Одан өзге,қызықты ойындарға қатыса алады, онда олар өздерін оқиға кейіпкерлері ретінде сезінеді.

Мерекелік шараға қатысу үшін 208-758 телефоны арқылы алдын ала тіркелу қажет.

"Император" СК шараның қызықты өтетініне уәде етеді. Мереке бағдарламасы кішкентай балаларды да, ересек балаларды да назардан тыс қалдырмайды. Ал үлкендер өздерін ертегідегідей сезініп, балалық шаққа саяхат жасап қайтуына болады.

Айта кетейік, мерекелік шараның соңында қонақтарға тамаша көңіл-күймен қатар ұйымдастырушылардан тәтті сыйлықтар мен басқа да тосынсыйлар ұсынылады. Сонымен қатар, "Император" СК барлық келушілер үшін фотоға түсетін орын дайындайды. Жаңа жылды жадыңызда жақсы естеліктермен сақтау үшін сиқырлы суреттер жасап алуға болады.

Мерекеге кіру "Император" СК-нің барлық келушілері үшін тегін.

Мерекелік шырша 26, 27 және 28 желтоқсанда сағат 16.00-19.00-де, 29 және 30 желтоқсанда сағат 12.00-15.00-де "Император" сауда орталығында өтеді.

Отбасыңызбен бірге келіңіз!

Айта кетейік, жоғарыда аталған күндері "Альшемали" сауда үйіне келген сатып алушыларды да сауда үйі атынан Аяз ата мен Ақшақар құттықтап, тосынсыйлар тарту етпек.

Следующая →