Глубокое ауданында күйіп қалған бала көз жұмды
Оқыс жағдай демалыс күндері Черемшанка ауылында орын алған. Өрт ортасында қалған 11 жастағы бала термиялық күйіктен көз жұмды
Көршілерінің айтуынша, бала бензинмен жиі ойнап, үнемі эксперимент жасап жүрген көрінеді.
Бұл жолы да бала бензинді жағып ойнап жүрген уақытта ішімдікке мас анасы көрші бөлмеде ұйықтап жатқан.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, оқиға орнына өрт сөндірушілерді ешкім шақырмаған да. Қазіргі уақытта іс полиция қызметкерлерінің қолына өткен.
Құтқарушылар осы оқиғадан кейін дабыл қағып, ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларына мұқият болып, қауіпсіздік шараларын үнемі естеріне салып отыру қажеттігін ескертеді.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан 700 оқыс жағдай тіркелген. Ал балалардың шалалығынан 55 жағдай орын алған.