Биыл Өскемен Ұлттық ұлан сарбаздары 50 қылмыстық істі ашты
Одан бөлек, мыңға жуық әкімшілік істі тергеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы сарбаздары қоғамдық тәртіпті қадағалау мен бақылауда маңызды рөл атқарады.
5518 әскери бөліміне жыл сайын жаңа сарбаздар келеді, ал бүгін 200-ге тарта жас сарбаз Отан алдында ант қабылдады.
- Ұлттық гвардия қатарына қабылданған сарбаздар елдің әр өңірінен келгендер. Олар Отан алдындағы қасиетті борышын өтемек. Сондықтан оларға зор үміт артылып отыр, - дейді бөлім командирі, подполковник Бақытжан Кулбаев.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелдінің айтуынша, 5518 әскери бөлімі осы жылдың ішінде 50 қылмыстың істің ашылуына, 852 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтауға мұрындық болған.