Өскемен тұрғыны соғыста жоғалып кеткен әкесін іздеуде
Николай Горькавый әкесін туғаннан көрген емес, бірақ оны жерлеу үшін іздеу жариялауда
Николай Павлович 1942 жылы дүниеге келген, ал әкесі Павел Афанасьевич ұлы өмірге келмей тұрып, төрт ай бұрын соғысқа аттанып кеткен.
- Анам әкем туралы көп айтатын. Бірақ қайда әскери борышын өтегені, қай жерде соғысқаны жайлы білмейді. Анам оны Харьков облысы маңында соғыста болғанын айтады... - дейді 76 жастағы Николай Горькавый.
Отбасына Павел Афанасьевичтің көз жұмғаны жайлы қара қағаз келген.
- Бірақ қайда жерленгені жайында айтылмаған. Оның қайда жерленгенін білгім келеді, - дейді зейнеткер.
Николай Павлович әкесін табу үшін бірнеше мекемеге жүгінуді жөн көріп отыр. Оның ішінде біздің газетіміз де бар. Зейнеткер әкесімен бірге қызмет еткен қаруластарын, серіктестерін іздейді.
Павел Афанасьевич Горькавый 1920 жылы 19 шілдеде Таврия ауылында дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа шақырылған.
Ол кісіні танитан жандар болса, 29-47-72 немесе 8-777-991-54-21 нөміріне хабарласуға болады.