Өскемендік ұрылар гауһар тастар мен алтындарды тонауға тырысады
Облыс орталығының полициясы ұрылардың азаматтардың пәтерлерін қалай тінтитінін және олардан қалай пайда табатынын айтып берді
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, үстіміздегі жылдың 11 айында Өскеменде 462 ұрлық орын алды, оның ішінде 7-і ауыр қылмыс, яғни елеулі шығын келтірген.
- Негізінен ұрылар пәтерлер мен үйлерден алтын бұйымдарды, асыл тастар және ақшаны жиі ұрлайды, - деді Өскемен ПБбаспасөз хатшысы Әсел Әміренова. - Қылмыскерлер үйді немесе пәтерді бақылап, сосын үйде ешкім жоқ екенінен көз жеткізіп, ұрлық жасайды.