Өскеменде сауда агенті 3 млн теңгені жымқырған
Шемонаиха қаласына тауар сатуға барған қос кәсіпкердің бірі екіншісін "лақтырып кетті"
Сауда орындарына барып тауар өткізіп жүрген серіктестердің бірі жол ортада "ауырып" екіншісін жұмысты толық аяқтап шығын өтінген. Саудагер жолдасы тауардың барлығын бір күн бойы өткізіп, серіктесіне келген кезде, ол ақшаның барлығын өзіне алып, кейін тайып тұрған. Оның қолында 3 млн теңге ақша кеткен.
Бірақ алаяқ ұзаққа қаша алмады. Оны құқық қорғау органы қызметкерлері ұстап алып, сотқа жіберді. Сот отырысында күдікті өз кінәсін толықтай мойындаған әрі ақшаның барлығын қайтарып берген.
Сотталушы үш жарым жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.