Өскемендіктерге тез арада иесіз қалған мұраны тіркеу керектігін ескертеді
Егер облыс орталығының тұрғындары өздеріне мұраға қалған жылжымайтын мүлікті уақтылы тіркеуден өткізбесе, мемлекетке өтіп кетеді
Бұл туралы Өскемен қаласының Тұрғын үй қатынастары бөлімі хабарлады.
Осыған байланысты мекеме мұрагерлерге нотариустың орындарына уақтылы хабарласуларын және 2013-2017 жж қайтыс болған иелердің иелігіндегі жылжымайтын мүлікті мұрагер ретінде қабылдауды сұрайды. Жылжымайтын мүлік тізімін www.kdmyk.kz сайтынан табуға болады.
Осыдан кейін Өскемен қаласының Тұрғын үй қатынастары бөліміне жүгіну қажет болады.