Өскемен қаласының әкімі жер үсті өткелінің олқылықтарын жөндеуді тапсырды
Өскемен қаласындағы жер үсті өткелі ашылғаннан кейін халық сынына ұшырады. Ал қалалық әкімдік бұл сын пікірлерді назардан тыс қалдырмады
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар халық көңілі толмаған өткелге барып, тексеріп шықты. Осылайша Жақсылық Мұқашұлы мәселені өз бақылауына алып, барлық олқылықтарды жөндеуге тапсырма берді.
Мердігерлер де жұмыстарды бұлжытпай орындауға уәде етті. Өскемен қалалық әкімдігінің ақпараттарына сүйенсек, өткел ішінде тайғанақ болмас үшін резеңке төсеме салуды бастады. Лифт те электр жүйесіне қосылып, көп ұзамай іске қосылады. Пандусқа да көңілі толмағандар болған. Ол да әмбебап етіп жасалмақ.