Өскеменде жол үсті көпірі салынып бітті
Қала әкімдігі ертең құрылыстың ресми ашылуы болатындығын хабарлады
Әлеуметтік желіде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жол үсті көпірін салу жұмыстары тұрғындарға біршама келеңсіздіктер тудырғанын айта отырып, кешірім сұрады әрі ертең сағат 8.00-де көпірдің ашылу салтанаты болатындығын хабарлады.
- Өткелдің ішіне жарық шамдары қойылып, пандус орнатылды. Тіпті, лифті де бар, - дейді қала әкімдігі.
Алдағы уақытта көше қиылысындағы бағдаршамдар алынатын болады.
Тақырыптар:
Строительство надземного пешеходного перехода в Усть-Каменогорске Надземный пешеходный переход в Усть-Каменогорске Акимат Усть-Каменогорска