Өскемен
Бұлтты
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Семей
    -3°
  • Алматы
    -3°
  • Риддер
    -1°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -2°
  • Ақтау
    +2°
  • Атырау
    -9°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +10°
  • Түркістан
    +9°
  • Орал
    -13°
  • Шымкент
    +10°
$
494.75
+0.12
586.77
+3.55
¥
71.45
+0.17
6.38
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Риддер тұрғындары автобусты 40 минут күтуге мәжбүр

Күннің суығына шыдағанымен, қала тұрғындары қоғамдық көліктің кешігіп қатынауына шыдамақ емес

- Аялдамада автобусты жарты сағаттан астам уақыт бойы күтеміз. Мәселен, төртінші шағын ауданға қатынайтын №12 маршрутты 40 минут бойы күткен кезім болды. Жылы аялдама жоқ, қатты тоңып қалдым. Жан-жақтан жер үрлеп тұр. Үлкен кісілер әйтеуір, шыдаймыз ғой, ал балалардың жағдайы қалай болмақ? – дейді Татьяна Ивановна.

Ал Риддер қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, автобустардың көбі қатынау аралығын, оның уақытын ұзартқан.

- "Лениногорское ПАТП" ЖШС-ның басшысы ауысуына байланысты маршрут графигі де өзгерді. Қазір автобустар 15-30 минут уақыт салып қатынауда, - дейді бөлім басшысы Қуат Мухаметчинов.

Бірақ автобустың жыры мұнымен аяқталған жоқ. Қала тұрғындары әлі күнге дейін қоғамдық көлікті бір сағат бойы күтуге мәжбүр.

- Кеше 12-ші маршрутты бір сағат бойы күттік қой деймін. Аяқ-қолымыз қатып қалды. Автобус келген кезде барлығы ішке қарай лап қойды. Бір-бірін таптап кетердей болды. Қаланың қоғамдық көлігіне не болды, білмейміз, - дейді Наталья есімді қала тұрғыны.

Қазір қалада 18 маршрут бар, оның 16-сы "Лениногорские ПАТП" ЖШС-на тиесілі. Бұл маршруттар бойынша 34 автобус қатынайды.

- Автобустар жеткілікті. Мәселен, 12-ші маршрут бойынша бес автобус қатынайды. Қатынау инвервалы 20 минут. Егер бір автобус сынып қалды дегеннің өзінде оны ауыстыра алатын автобустар бар. Тұрғындардың неге шағымданып отырғанын біз де түсінбейміз, - дейді "Лениногорские ПАТП" ЖШС директоры.

Қала тұрғындары мен басшылықтың сөзі бір жерден шығып отырған жоқ көріп отырғанымыздай. Автобустардың қайда жоғалып кетіп жатқаны бір құдайға ғана аян.

Следующая →