Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әкімі тұрғындардың сауалдарына жауап берді

Кездесу кезінде облыс әкіміне өзекті сегіз сұрақ қойылып, тұщымды жауап алынды

Даниал Ахметов "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалында азаматтарды қабылдап, сауалдарына жауап берді.

Мәселен, үйде үш жасар церебральды паралич дертіне шалдыққан немересіне бас-көз болып отырған зейнеткер Нұрила Көшербаева кішкентай ұлдың еміне қаржы жетпей жатқандығын айтып көмек сұраған. Баланың анасы кетіп қалған, ал әкесі жұмыссыз. Аймақ басшысы баланың әкесін жұмысқа орналастыруға күш салатындығын айтып, баланың еміне ай сайын жәрдемақы бөліп отыруға көмектесетіндігін жеткізді.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қабылдауға келген тағы бір азамат Дамир Құмаш облыстық Ветеринария басқармасы мен Ұлан аудандық ветеринария бөлімінің жұмысына наразылық танытып, бруцеллез ауруына қарсы профилактикалық шаралардың дұрыс жүргізілмейтіндігін айтқан.

- Азаматтың айтып отырғаны дұрыс, бруцеллез мәселеге айналды. Тұрғындардың көбі ауруға қарсы қандай профилактикалық шаралар жүргізу қажеттігін білмейді. Біраз қателіктер кетті. Ауруға шалдыққан малдың барлығын "пышаққа жібермей", кейбір мемлекеттер сияқты емдеп алып қалу керек еді. Сондықтан халық арасында түсіндірме жұмысын күшейту қажет. Малдарды бруцеллезге қарсы вакцина салу қажеттігін түсіндіру керек, - дейді Даниал Ахметов.

Соған байланысты облыс әкімі аталған мәселе бойынша арнайы комиссия жасақтауға тапсырма берді.

Әкіммен кездесуде азаматтардың бірі Күршім паромының қымбаттағанын әрі уақытылы қатынамайтынын айтып шағымданды.

- Тұрғындар жаздай шағымданды, бірақ ешкім шара қолдана қоймады. Бұл мәселеге қатысты да арнайы комиссия құрылып, жоспардан тыс тексеріс жасасын. Қозғалыс графигін ұстанбаған болса, келісімшартты бұзыңдар, - деп тапсырды аймақ басшысы.


Следующая →