Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Қаладағы кәуәпханалардың біріндегі тағамдар иістенген

Иістенген тағамға шағым білдірген азаматтың айтуынша, ол кәуәпханаға отбасымен барып, люля-кебабқа тапсырыс берген. Ал алып келген люля-кебабтың мерзімі өтіп кеткен екен

Редакцияның жедел желі қызметіне Өскемен қаласының тұрғынынан шағым түсті. Ол мерзімі өтіп, исі шығып кеткен тағам үшін шағым білдірді.

- Ет иістеніп кеткен, - дейді азамат. - Жаман исі, тіпті, қолқаны қабады. Балаларыммен барған едім. Олар уланып қалса не болар еді? Біз бірден сезіп, жеуге болмайтындығын ұқтық.

Алайда кәуәпхана әкімгері тағамдар үшін тек балғын ет қолданатындықтарын айтып, мойындамады.

- Етті күнделікті базардан алып тұрамыз, - дейді дәмхана директоры. - Барлық анықтамалар бар. Өнім санитарлық тексерістен өтеді. Қазір қыс мезгілі болғандықтан еттің иістеніп кетуі мүмкін емес. Бізде тек балғын өнімдер қолданылады.

Кәуәпхана әкімгері шағымы бар тұтынушы неге бірден дәмхана басшылығына бармай, басқа жаққа шағымданғанына таңырқаулы. Сондықтан да дәмхана директоры бұл бақталастардың әрекеті деп топшылады.


Следующая →