Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Надежда Иванченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстан облысында мелекеттік қызметкерлерге артылған артық жұмыспен күрес жалғасуда

Енді мемлекеттік мекемелердің басшылары өз қызметкерлерінің артық жұмыс істегені үшін айыппұл алуы мүмкін

Уақытынан артық жұмыс істету – мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқығын сақтаудағы өзекті мәселенің бірі болып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, артық жұмыс істету фактілері Өскемен әкімдігі мен оның жекелеген бөлімдерінде, Үржар, Тарбағатай, Көкпекті аудандары әкімдерінің аппараттарында, сонымен қатар облыстық ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, қаржы басқармаларында анықталған екен.


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев мемлекеттік қызметкерлер тек кезек күттірмейтін өте шұғыл және алдын ала болжанбаған жағдайда ғана артық жұмыс істей алады. Бірақ жұмыс істеген уақыт үшін демалыс күні не демалыс сағаты берілуі керек. Не болмаса, еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленуі тиіс.

- Мұндай қаржылық шығындардан кейін, кез келген басшы жұмысшыларды артық жұмысқа тартуға мүдделі болмайды. Бұл тиімді фактор, - деді Қайрат Сапарғалиев.

Енді 2019 жылдың бірінші тоқсанында облыстың барлық жергілікті атқарушы органдары компьютерлерді автоматты түрде өшіруге арналған жүйелер орнатып, бақылау құрылғыларын ретке келтіреді.

Следующая →