Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО өңірлерді дамыту тиімділігі бойынша үш көрсеткіш артта

2018 жылы Шығыс Қазақстанда қылмыс, бала өлімі артқан және тіркелген байланыс желісінің жиілігі бойынша жоспар атқарылмаған

Бүгін облыс орталығында өткен аппараттық кеңес кезінде биылғы жылғы жасалған мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне осындай баға берілді.

ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Улакованың айтуынша, биыл ШҚО тиімділікті бағалау бойынша үш көрсеткішке артта қалып отыр.

- Облыста бала өлімі артқан, қайғылы оқиғамен аяқталған жол-көлік оқиғасы да көп тіркелген. Сонымен қатар, байланыс желісінің жиілігі бойынша жоспар орындалмаған, - деп атап өтті Сәуле Улакова.

Облыс басшысы Даниал Ахметовтің жоғарыда аталған көрсеткіштерге көңілі толмай, бірден бірнеше басқарманың басшыларына шүйлікті. Әсіресе, ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев сынның астында қалды.

- Биыл мекеме алдына қойылған төрт тапсырманың ешқайсысын орындамадыңыздар, - деді өңір басшысы. - Қысқа дайындық нашар. Тек мен іске араласқаннан кейін ғана көмір мәселесін шеше бастадыңыздар. Екіншіден, Үржар ауданындағы көлік секторын  демонополизациялау мәселесі де тағы біздің араласуымызды күтті. Үшіншіден, Неге тіркеу құрылғыларын орнату бойынга пилоттық жобаны жүзеге асырмайсыздар? Сұрақтар көп. Өздерінің нақты міндеттерін орындамайтын басқармалар бізге қажет пе?

Ал Энергетика басқармасының басшысы әкімнің сөзіне қарсы еш дәлел таба алмады. Енді оның жұмыс нәтижесі "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалы отырысында қарастырады.

Следующая →