ШҚО-да апатта жедел жәрдем қызметкерлері зардап шекті
Кеше Курчатовта жедел жәрдем қызметінің көлігі ағашқа соғылған
Ауыр апат кеше Курчатов қаласында орын алды. Куәгерлердің айтуынша, көлікте ауыр хәлде жатқан науқас болғандықтан, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ауруханаға асығып бара жатқан. Жеңіл көлікпен орын алып қала жаздаған апаттан қашамын деген жедел жәрдем көлігі жедел бұрылып, ағашқа соғылған.
Алдын ала болжам бойынша, ЖКО-да жедел жәрдемнің жүргізушісі мен 19 жастағы фельдшер қыз зардап шекті. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
ДТП со скорой помощью ДТП в ВКО Скорая помощь в ВКО