ШҚО-да екі мың отбасыға пәтер беріледі
Қазіргі уақытта 1652 пәтер сатылымға дайын тұр, жылдың соңына дейін тағы 182 пәтер пайдалануға дайын болмақ
Бұл жайында ШҚО әкімі Даниал Ахметов ҚР Ақпарат министрлігінің Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте хабарлады. Аймақ басшысының айтуынша, Шығыс өңірі "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыруда елдегі алдыңғы қатардағы облыс.
- Жақын арада 1834 пәтер берілетін болады. 299 өтініш жас отбасылардан келіп түсті. Оның ішінде 207-сі мақұлданды, - дейді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін 461 қызметкер баспанаға зәру. Олар қазіргі уақытта 1 млн теңге алғашқы жарналарын жинап қойған. Жақын арада олар да баспаналы болады.