Шығыс Қазақстанда жедел жәрдем санитарлары жұмыстан шығарылады
Енді шақырылған жерге үш дәрігер емес, тек екеуі ғана барады
Жедел жәрдем көлігінің бұрын үш адам отыратын: фельдшер мен оның көмекшісі санитар және жүргізуші. Енді жедел жәрдем қызметінде санитарлардың жұмысын жүргізушілер істейтін болып, санитарлар жұмыстан шығарыла бастады.
Ал Өскемен қаласы жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Марат Ластаевтың айтуынша, жедел жәрдем қызметін қайта ұйымдастыру жұмыстарына байланысты қысқартулар жасалып жатыр.
- Әзірше біз 20 санитарды ғана жұмыстан босаттық. Қазір 60 санитар жұмыста жүр. Алдағы уақытта фельдшер мамандарды жұмысқа алған соң, қалған санитарларды да қысқартатын боламыз, - дейді Марат Ластаев.
Айта кету керек, санитар фельдшердің көмекшісі ретінде медициналық құрал-жабдықтарды алып, зембіл көтеріп жүретін қосымша жұмысшылар. Енді бұл шаруаны көлік жүргізушілері істейтін болады.
- Көрші Ресей елінде фельдшер жалғыз жұмыс істейді, ал оның көмекшісі – жедел жәрдем жүргізушісі, - дейді Марат Сейітқамзинұлы.