Семей тұрғыны өзі көлігінде қамалып, сазға батып кете жаздады
Батпаққа батып қалған көліктен иесі де шыға алмай қойған
Кеше кешке Семей қаласының тұрғыны бейіттің жанынан өтіп бара жатып, батпаққа түсіп кеткен. Құтқарушылар оқиға орнына келгенше, "Приораның" жартысы балшыққа "сіңіріп" кеткен екен. Ал 45 жастағы иесі көліктің ішінде қамалып қалған.
- Автокөлікті трос арқылы тартып шығардық. Жүргізушінің үсті-басы су, қатты тоңып қалған. Ол ЗИЛ көлігінің кабинасына отырып жылынды, - дейді ШҚО ТЖД.