ШҚО-да ірі қара ұрлаған жас жігіт ұсталды
Тарбағатай ауданының тұрғыны құны 150 мың теңге болатын сиырды өрістен айдап кеткен
Көкжыра ауылының 58 жастағы тұрғыны сиырының жоғалып кеткенін байқаған сәтте-ақ полицияға хабарласқан. Ал тәртіп сақшылары ұрлықтың ізін суытып, күдіктіні ұстап алған.
ШҚО ПД хабарлағандай, ұрлық жасаған азамат 28 жастағы ауданның тұрғыны болып шыққан. Қазір оған қатысты "Ұрлық" бабымен қылмыстық іс ашылды.
Полицейлердің айтуынша, малдың көбі өрістен, бос қараусыз жүрген жерінен ұрланады. Сондықтан облыс аумағында иесіз жайылып жүрген малдарды уақытша қамап қоюға арналған 218 орын ұйымдастырылған. Иесі табылғанға дейін малдың барлығы осы қорада қамалып тұрады.
Былтыр осындай "айыппұл-қораларға" мың жарым мал әкеп қамалған екен. Оның ішінде 900-і ірі қара мал болса, 580-і жылқы, қалғандары ұсақ малдар.