Ұялы телефонын жоғалтып алған жеті жасар баланың хабарламасы өскемендіктердің назарын аударды
Жеті жасар Лева есімді кішкентай тұрғын Студгородок ауданында ұялы телефонын жоғалтып алғаны жайлы хабарлама ілген
Хабарламада "Ұялы телефон жоғалып кетті, Sony деп аталады" деп жазып, астына жоғалған гаджеттің суретін салып қойған екен әрі атасы мен апасының телефон нөмірлерін жазып қойған.
- Бізге мүлдем танымайтын адамдардың хабарласып, көмектерін ұсынып жатқанына қатты таңқалдық. Бірі ақшалай көмек бергісі келетінін айтса, енді бірі жаңа телефон сатып беруге әзір екендігін айтып жатты. Бізге, шыны керек, ақша керек емес еді! Тек Лева өзінің ұялы телефонын тапқысы келді... - дейді бүлдіршіннің анасы Галина.
Ал Honda автоклубының мүшелері әлеуметтік желіде Леваға жаңа телефон сатып алу үшін қаражат жинауды бастап кетті.
- Кішкентай ұлдың хабарламасы қатты толғантты. Жиналған қаражатқа бір нәрсе сатып беретін боламыз, - дейді Кристина Рыльская.
Ал Өскемен кәсіпкерлерінің бірі Леваға жаңа гаджет сатып әперді.