Семей тұрғыны жарылғыш қоспаны гаражға қойып жүрген
Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түнде Семей қаласындағы тұрғын үйдің көлікжайында өрт шықты
Құтқарушылар өр сөндіру барысында екі газ баллонын дер кезінде далаға алып шығып, жарылыстың алдын алды
- Әуезов даңғылындаңы екі қабатты тұрғын үй алдындағы көлікжайдан өрт шыққан, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Шақырту түскеннен кейін дереу жеткен өрт сөндірушілер іске кірісіп кеткен. Алайда үй иесі көлікжай ішінде газ баллондары тұрғанын ескертпеген. Көлікжай ішіне енген құтқарушылар әрқайсы 27 литрлік екі газ баллонын алып шыққан. Осылайша ауқымды жарылыстың алдын алды. Жалпы бір сағаттың ішінде тілсіз жауы ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрайды. Өрттің шығуына байланысты – өрт қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарау немесе қасақана өрт қою нұсқалары қарастырылуда.