Меновное ауылы мен Защита шағын ауданы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады
Жылу энергиясын жаңғырту жобаларына қаржыны "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында, ЕҚДБ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бөледі
Защита ықшам ауданына салқындатқышты жеткізетін жылу станциясы 1960 жылы салынған. Стансаның техникалық жағдайы нашарлап, ауданның тұрақты жылумен жабдықтауына қауіп төндіргеннен кейін 2011 жылы Өскемен жылу желілерінің балансына берілген болатын.
Енді "Нұрлы жол" инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында 152,8 млн теңгеге жөндеу қаржысы бөлінді.
Сондай-ақ, Меновное ауылында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету үшін құны 2 млрд 480 млн теңге болатын жоба көзделген. Мұнда шамамен 10 шақырым құбыр салынатын болады. 2021 жылға қарай №6 және №7 қазандықтарды жабу жоспарлануда. Облыс әкімдігі мен Қайта құру және даму банкі "Өскмен жылу желілері" кәсіпорнына 820 млн теңгеге арнайы техника мен көлік құралдарын сатып алуға көмектеспек.