Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -2°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +18°
$
488.93
+1.51
532.4
+1.01
¥
68.74
+0.23
5.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Защита депосының қызметкері кәсіпорыннан 6,5 млн теңгенің мүлкін қолды қылған

Ол ескі тежегіш қалыптарды ауыстырудың орнына жаңаларын сатып, ақшасын өз қалтасына басып отырған

"КТЖ-жүк тасымалы" АҚ филиалы Защита вагон депосын пайдалану басшысы өз қызметтік жағдайын пайдаланып, ескіні айырбастау үшін алынған жаңа құрылыс бөлшектерін сатып, пайда тапқан.

Тауар алу туралы құжаттарға сәйкес, депоға 6 мың композицилық тежегіш қалыптары алынған. Ал вагон депосының басшысы өз қоластындағы қызметкерлеріне соның 3 мыңын тіркеп, ал қоймашыға тек соның мыңын беріп, қалған екі мыңын шығыс ретінде көрсетуді тапсырған.

Кейін басшы жүк көлігін жалдап, есептен шығарылған қалыптарды депо аймағынан алып кеткен. Нәтижесінде 1 млн 900 мың теңгеге сатып жіберген.

Дәл осылайша ол тағы да 2 мың қалыпты шығарып алған. Жалпы сомасы 6 млн 893 мыңның затын ұрлап алған.

- Сот шешімі бойынша ол кінәлі деп танылды. Ал кей жағдайларды ескере отырып (кінәсін толық мойындап, өкініш білдіруі, бұрын істі болмауы, кәмелетке толмаған бала асырап отыруы, прокурор мен істі болған азаматтың арасында бекітілген процессуалдық келісімді ескере отырып), ол төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырылып, пробациялық бақылау тағайындалды, - деп хабарлады Өскемен қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.

Одан өзге, ол енді міндетті жұмысқа тартылады және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылады.


Следующая →