ШҚО-да 461 мемлекеттік қызметкер "7-20-25" бағдарламасына қатысуда
Бұл қызметкерлердің банкте үй алуға жинаған алғашқы жарналары бар
Мәселен, облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметтеріне қарағанда, бұл қызметкерлердің өзі 1 млн теңгеден артық алғашқы жарналарын жинап үлгерген.
- Білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау саласының қызметкерлері үшін облыс әкімдігі баспана алуға субсидия беру механизмін дайындап жатыр, - дейді басқарма басшысының орынбасары Сырым Дүсіпов.