Воспитанникам детского дома помогают выбрать профессию
"Үміт" балалар үйінде сұлулық индустриясы бойынша курс өткізу жобасын бастады
"Импульс" оқыту орталығы мен "Арлан" өзін-өзі дамыту орталығымен келіскен балалар үйі енді тәрбиеленушілерін кәсіби мамандық үйренуге, мамандық таңдауға психологиялық тұрғыдан дайын болуға баулымақ.
- Ал бұл жобаны "Қазмырыш" ЖШС қаржыландыратын болды, бұл үшін зор алғыс білдіреміз. Жобаның арқасында балалардың өз-өзін тануға, болашақ мамандығын таңдауға, заманауи, сұранысы жоғары мамандықтарды анықтауға мүмкіндіктері пайда болмақ, - дейді "Импульс" орталығының мамандары.
Жоба тоғыз айға дейін жалғаспақ. Балаларға классикалық, еуропалық, бразилиялық маникюр жасау, қас теру, қас безендіру, тырнақ бояу, макияж жасау сынды кәсіп түрлері үйретіледі.