Өскемендегі суық судың тарифі – Қазақстандағы ең төменгі бағалардың бірі
"Өскемен Водоканал" кәсіпорны су мен электрэнергиясын есептеудің автоматтандырылған жүйесін іске қоспақ
Үш жылдың ішінде Өскемен қаласында 68,5 шақырым суық су құбыры жөнделіп, 450 ілмекті арматура орнатылды әрі 20 мамандандырылған техника сатып алынды.
Бірақ су құбырлары мен кәріз жүйесінің жарылуы, апат болуы 1,2%-ға өскен, себебі жыл сайын бұған дейін қараусыз жатқан кәріз жүйесі мен су құбырлары "Өскемен Водоканал" кәсіпорнының иелігіне өтіп жатыр. Ондай құбырларда атап жиі болады.
- Тұрғындар есептеу құралдарын жаппай орналастыра бастауына байланысты суық суды тұтыну да азайған, - дейді кәсіпорын директоры Ержан Әубакиров.
Ал Өскемен қаласындағы суық судың тарифі Алматы мен Астанадан, Павлодардан арзан, бұл жағынан Қазақстан қалалары арасында төртінші орында.