Өскеменде жол апаты көбейді
Қалың жауған қар мен көктайғақтың кесірінен Өскемен қаласында жол-көлік оқиғалары көбейді
Автокөлік жүргізушілерінің көпшілігі қысқы дөңгелектерін салып алған, сонда да тайғанақтап бір-біріне соғылып жатыр.
Кеше ЖМК ауданында екі жеңіл көлік соғылып қалды. Куәгерлердің айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ.
Протозанов көшесінде де көлік соғылып қалды, ешкім зардап шеккен жоқ, ал Кирзауыт маңында төңгеріліп қалған көліктен зардап шеккендер бар ма, жоқ па – белгісіз.
Ал қалалық әкімдік хабарлағандай, коммуналды қызмет жолда күреу жұмыстарын түннен бастап кеткен. Кеше түнде 92 техника жолды күреуге аттанған.
- Азаматтар жолдың бойына көліктерін жиі қойып кетеді. Ал бұл жолды күреуге кедергі келтіреді. Соның кесірінен жол толық аршылмай қалады. Сондықтан жүргізушілерді жол шетіне көліктерін қоймауын өтінеміз, - дейді Өскемен қаласы әкімдігі.