ШҚО-да 9 мың адам орталықтандырылған су жүйесіне қосылады
Жыл басынан бері аймақта су тарту және сумен жабдықтау бойынша 16,7 млрд теңгенің 50 жобасы іске асырылуда
Оның 48 жобасы Аймақты дамыту бағдарламасы бойынша болса, 1,8 млрд теңге болатын қалған екеуі "Нұрлы жол" несиелеу бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
- 22 жоба аяқталуға шақ қалды. Қалған 28 жоба келер жылы жалғасады. Осылайша орталықтандырылған су жүйесіне қосылған халық саны 88 пайызды құрамақ, - дейді ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының жетекшісі Мұрат Мұсатаев.
Осы орайда жыл соңына дейін Семей, Аягөз, Жарма, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарының 9 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған су жүйесіне қол жеткізетіндігі айтылды.