Өскемен көшелерінде люк ашық жатыр
Автожүргізушілердің көбі мазасыздық таныта бастады
Орджоникидзе көшесінің бойында, "Халық банкі" кеңсесінде жанындағы люк таңнан бері ашық жатыр. Жүргізушілер кәріз жүйесінің ашық жатқаны жайында бір-біріне хабарлап, ескертіп жатыр. Кейін коммуналды қызметкерлер бұл маңға ескерту белгісін қойып кетті.
- Люктің қақпағын біреулер ұрлап кеткен сияқты. Көлік түсіп кетпесін деп, ескертпе белгі қойып қойдық, - дейді "Өскемен Тәртіп" кәсіпорнының баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова.
Тақырыптар:
Водители предупреждали друг друга Водители Усть-Каменогорска КГП "Оскемен Тартип" Канализационный люк