Шемонаиха қаласында қызық оқиға орын алды
ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, үй иелері жоқтығын пайдаланған ұры терезенің желкөзінен үйге кіріп, ондағы заттар мен азық-түлікті ұрлап кеткен
- 41 жастағы зардап шеккен азаматшаның сөзіне сүйенсек, ол үйде болмаған 15 қазанның кешінен келесі күні таңғы сағат беске дейінгі аралықта ұры оның үйіне кіріп кеткен, - деп мәлімдеді полиция қызметкерлері. - Анықталғандай ол екі-екі келіден қарақұмық, макарон, тұздалған шошқа майы, үш банкі консервіленген салат, электр шәйнегі, күртке мен шалбарды қолды қылған. Ал зардап шеккен азаматша шығынды 31 мың теңгеге бағалады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, тәртіп сақшылары ұрының ізінен түсіп, тұтқындаған. 33 жастағы күдіктіден ұрланған заттардың жартысы тәркіленді. Ол өз ісін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.