ШҚО тұрғыны 20 қоянын жоғалтып алды
Қояндарды ұрылар түнде кіріп ұрлап кеткен
Бесқарағай ауданы Канонерка ауылының тұрғыны қоян өсірумен айналысады екен. Ал 23 қараша күні шаруаның 20 шақты қоянын белгісіз біреулер ұрлап кеткен екен. Алайда ол полицияға төрт күннен кейін барып шағымданған.
- Материалды шығын 100 мың теңгені құрайды. Шаруа полицияға кеш арызданса да, полицейлер жануарларды іздеуге кірісіп кетті, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ал полицейлер екі күннен кейін қоян ұрлаған ұрыны ұстап алған. Ал ол 21 жастағы ауыл тұрғыны болып шыққан.