ШҚО-да қар көшкіні болуы мүмкін
"Қазтасқынқорғау" мекемесі қары қалың аумақтарды қадағалауға алды
Құтқарушылар қар көшуі мүмкін аумақтарды қарап, қолдан жарылыс жасап, таудағы қарды төмен түсіруде.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта Өскемен-Зырян тас жолының 6-64 шақырым аралығында профилактикалық жарылыс жұмыстары жасалған.
Ал демалыс күндері тауға барып демалушылар да көбеймек. Ал мамандардың айтуынша, қар қалың жауғаннан кейін бес-алты күннің ішінде қар көшкіні болуы мүмкін, сондықтан тауға шығар кезде тұрғындарды абай болуға шақыруда.