Өскемен қаласының құтқарушылары ерекше жандарға мереке сыйлады
ҚР Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында Өскемен қалалық төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлері ШҚО ТЖД оркестрі және "Алтын жас" оңалту клубының қызметкерлерімен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін концерт ұйымдастырды
Сондай-ақ, "Эставелла" жас құтқарушыларының балалар-жасөспірімдер клубының қатысуымен қала тұрғындары үшін қайырымдылық концерт өтті.
"Алтын-Ай" мүмкіндігі шектеулі әйелдер қоғамдық бірлестігінің қызметін алушылар үшін бұл шара алғашқы рет өткізіліп тұрған жоқ.
- Бұл адамдарға жылулық, қамқорлық және қуаныш беру - біз үшін жақсы бір дәстүрге айналды, - дейді Өскемен қалалық төтенше жағдайлар бөлімшесінің баспасөз хатшысы Марина Лискова. - Біз мұндай шараларды бірінші жыл өткізіп тұрған жоқпыз.
Сонымен қатар, мамандар әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен түсіндіріп берді.