Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Үйі өртенген көпбалалы отбасы көмекке зәру

Тарбағатай ауданында үйі өртеніп, баспанасыз қалған көпбалалы отбасы көмекке зәру

Оқиға 13 қараша күні Тарбағатай ауданының Бозша ауылында орын алған. Алты баласы бар Мұратбек Сағатбековтың үйінен тілсіз жау түк қалдырмаған. Айтып келмейтін апат әп-сәтте дүние-мүлік, киім-кешек, тұрмыстық техниканың бәрін күлге айналдырған. Үш бөлмелі үйінің қаусаған қабырғасы ғана қалған шарасыз жандар енді көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр.

- Тезектің шоғы ошақтың маңайын өртеді. Үйде мектептің 1-сыныбында оқитын кенже қызым ғана болған. Өрт басталғанда қызым жұмысқа жүгіріп келіп жағдайды хабарлады. Ал үйге келгенімізше үйдегі газ жарылып, үй толығымен өртеніп кеткен. Тіпті, қасындағы үйдің бір қабырғасы мен шатырын қиратып тастады, - дейді отанасы Арай Малгаждарова.

Отағасы Мұратбек мал өсірумен айналысса, көпбалалы ана ауылдағы балабақшада тәрбиеші қызметін атқарады. Отбасында алты бала бар, оның 5-еуі мектептің оқушылары. Қазіргі уақытта көмекке мұқтаж отбасы ауылдағы бір үйді жалға алып, паналап отыр. Алайда бұл баспана да мәңгі емес. Осылайша отбасы дәл бүгінгі сәтте көмекке аса мұқтаж.

- Халық көмектесіп жіберсе екен. Қандай көмек болса да, алуға дайынбыз. Бес балам мектепке барады. Ал олардың қазір киім түгілі, қағаз-қаламы да жоқ, - деп 6 баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана жомарт жандардан көмек сұрайды.

Қыстың суығында далада қалған отбасына жергілікті әкімдік тарапынан қандай да бір көмек көрсетіледі ме, ол жағы белгісіз. Қазіргі таңда Арайға хабарласқан бейтаныс жандардың өзі жәрдемін ұсынып жатқанын айтады. Бар мүлкінен айырылған шаңырақ көмектің қандай түрінен де бас тартпақ емес. Көршілері мен жақындары қолдарынан келгенше отбасына көмектесіп жатыр. Бірақ басты мәселе баспананы шешіп беруге, әрине, ешкім де қауқарлы емес.

Сағатбековтер отбасына көмектесемін деушілер 87028273512 нөміріне (Арай) хабарласса болады немесе төмендегі банк шоттарына кез келген көлемде қаражат аудара алады: Халық банкі: 5354510068906295 (Айдана Қабылдың атында), ЖСН нөмірі: 930323402338.

Следующая →