Өскеменде ер адам балаларды өрттен құтқарды
Түтінді көрген Михаил Риголов жер үйдің екінші қабатына көтеріліп, құтқарушылар келгенге дейін екі баланы алып шықты
Арсеньев көшесінде "Восточник-6" бау-бақша қоғамдастығындағы өртті көршілері бірінші көрген. Сондай-ақ, өрт сөндірушілерге хабарлаған.
Түтінге толы үйдегі балалар көмекке шақырған. Сонда көршілердің бірі кішкентайларды құтқаруға бел буып, коттеджді өрт жалмағанша тысқа шығарып үлгерді.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жарты сағат ішінде өртті сөндірді. Өрттің шығуына байланысты жылыту пешін пайдалану кезінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтамау және отқа сақтықпен қарамау деген екі нұсқа қарастырылуда. Өрттің жалпы ауданы 40 шаршы метрді құрады.
Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі балаларды құтқарған қаһарманды марапат күтіп тұрғанын мәлімдеді.