ШҚО-ның тасжолдары күрелуде
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 14.00-де тағы бір аймақтық жол жабылды
Боран және нашар көрінуіне байланысты тасжолдардың тағы бір бағытындағы жол қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Өткен түнде жолдың көрінбеу себебінен бірқатар республикалық және облыстық жолдар жабылды. Олардың көпшілігі таңертең ғана ашылды. Дегенмен, әлеуметтік желілерде тасжолдардың жабылуы туралы ескертулерге қарамастан, көптеген адамдар жолға шығуға тәуекел еткен. Біреулер, тіпті, таңертеңге дейін қарлы жолда тұруға мәжбүр болған.
- Бауырыммен Умыш өткелі арқылы жүруді жөн көрдік. Сөйтіп Тайынтыға дейін жеткенде бізді ары қарай жібермеді. Қалаға қайтадан кері қайттық, - деп жазды автожүргізуші әлеуметтік желілерде. - Жолдарды тазалауда. Басқа автокөлік иесікөлігін жол жиегінен алып шығаруға көмектескен жүргізушілерге алғысын білдіруде.
Құтқарушылар қала сыртынан саяхатты шектеп, жолдардың ашылуы мен жабылуы туралы ақпаратты қадағалауды сұрайды.
Следующая →