Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде ер адам зейнеткерді тонап кеткен

Өскемендік азамат көшеде өзіне қарсы келе жатқан 85 жастағы зейнеткердің қолындағы дорбасын ала қашқан

Күтпеген жерден өзіне ұры тап бергенде қария құлап түсіп, дауыстап көмек шақырған.

Бұзақы ұрлап кеткен сөмкеде дәрі салынған қалта мен төрт мың теңгесі бар әмиян болған. Ұры сөмкені заттарымен бірге қоқысқа лақтыра салып, ішіндегі ақшаны ғана алған.

Жалпы келген шығын көлемі жеті жарым мың теңгені құрады.

Өскемен қалалық №2 соты бұл ер адамды жасаған қылмысы үшін ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алайда, баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат қылмысты жасаған уақытта алдыңғы қылмысы үшін әлі де жазасын өтеп жүрген екен. Сондықтан сот алдыңғы қылмысы үшін өтемеген мерзімін қосып, барлығы үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.


Следующая →