Шығыс Қазақстанда шегара қызметкері көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысында "Ақжон" шекара бекетінде 17 қарашада төтенше жағдай болып, салдарынан әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Әлихан Қожакелдиев қаза тапты
Тергеу мәліметінше, ол қызметтік қарумен кеудесіне екі рет оқ атқан, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Қайғылы оқиға мемлекеттік шекарада атпен торуылдау кезінде болған. 2017 әскери бөлімше командованиесінің хабарламасына сүйенсек, қатардағы сарбаз Әлихан Қожакелдиев желді тежегіш компенсаторды жоғалтып, таба алмай қойғандықтан, жауапкершіліктен қорқып, өз-өзіне қол салған.
Болған оқиға туралы шекара жасағының жетекшісі Артем Дереглазов айтып берген, ол сол күні Алиханмен бірге шекара учаскесін шолуға шығыпты. Оның айтуынша, Қожакелдиевтен алыста тұрғандықтан, қайғылы жайттың алдын алу мүмкін болмады.