Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының әкімі коммуналды қызмет мамандарын жауапқа тартты

Жақсылық Омар әлеуметтік желіге келіп түскен өскемендіктердің пікірлерінен кейін қоқыс шығаратын кәсіпорындарға қаланы тазартуды тапсырды

Қаланың әр көшесі қоқысқа толып жатқанын жазған халық пікірі қаптап кетті. Оның үстіне әлеуметтік желіде жазба қалдырғандар Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметін де, Жақсылық Омардың өзін де белгілеген көрінеді. Соған орай, қала басшысы халықтың пікірін бейжай қалдырмаған.

- Осы жағдайға байланысты коммуналды қызметтерге қоқыстарды шағыру туралы тапсырма берілді, - деп жазды шаһар басшысы. - Бірақ мәселені түбегейлі шешу үшін тұрғындар қоқысты шығарып отыру туралы "ӨскеменСпецКоммунТранс" немесе "Өскемен Тазалық" кәсіпорындарымен келісімшарт жасасу керек.

Жақсылық Омар бірінші аппараттық кеңесте коммуналды мекеме қызметкерлерінен осы жағдайға байланысты түсінік талап етті. Ал кәсіпорын басшылары бұл олқылықтар жақын арада жойылатындығына сендірді.

Ал қала әкімдігінің баспасөз қызметі халық шашылып жатқан қоқысқа қатысты шағымын 26-85-68, 26-40-58 нөмірлері арқылы да жеткізе алатындығын атап өтті.



Следующая →