Өскеменде металл ұрлаушылар пайда болды
Буров көшесінің тұрғындары аулада темір-терсектің барлығын сындырып, кесіп алып жүрген арсыз ұрыларды көргендігін айтады
Тіпті, олар аула жүріп теріп алған темірлерін салу үшін арнайы көлікпен де жүретін көрінеді. Ал аула тұрғындары қос ұрының ұятсыздығына таңқалып отыр.
- Екеуі де, шамамен, 25 жастағы жігіттер. Кеше ғана орындықты шойын қайшымен кесіп алып кетпек болды, бірақ айғайлап аман алып қалдық, - дейді Бурова көшесі, 17-үйдің аула тұрғыны.
Куәгердің сөзіне қарағанда, полицейлер бұл жайттан хабардар, қазір сонымен айналысып жатыр.