Өскемен
Қалың бұлтты
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    -5°
  • Риддер
    -9°
  • Астана
    -5°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Ақтау
    +3°
  • Атырау
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    -2°
  • Түркістан
    +4°
  • Орал
    -8°
  • Шымкент
    +3°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО Абай ауданындағы шенеунік мас күйінде көлік тізгіндеген

Мемлекеттік қызметкер тәртіп сақшыларының қолын түсті. Енді оның мансабына қауіп төніп тұр

Абай аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Айдар Асқатовтың мансабы не боларын кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесі қарады.

Анықталғандай, қазан айында Айдар Асқатовты мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жол-патрульдік полиция ұстаған. Оған қатысты ҚР ӘҚК 60-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Ал медициналық зерттеу нәтижесі мастықтың жеңіл деңгейін көрсеткен. Алайды оның бұл қылығы Мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзды деп табуға негіз болған.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметкерді тыңдады. Ол мемлекеттік қызметте жүргеніне 38 жыл болғанын, соңғы үш жылда аталмыш қызметке тағайындалғанын атап өтті. Өзінің тәртіп бұзғанын толық мойындады.

Ал кеңес мүшелері шенеуніктің мосқал тартқан жасын ескере отырып, оны қызметтен шығару емес, қызметін төмендету түрінде тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс жасауды ұйғарды.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Пьяный водитель Чиновники ВКО