Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Облыста 130 мың адам емханаға тіркелді

Шығыс Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап емханаларға тіркелу науқаны басталған болатын

Екі айға созылған жыл сайын жүргізілетін тіркелу науқаны 15 қарашада аяқталды.

Емхананы басқа елді мекенге көшкенде, емхана жабылғанда не емханаға көңіліңіз толмаған жағдайда ауыстыруға болады. Ережеге сай емханаға жылына бір рет қана тіркелуге болады.

Шығыс Қазақстандық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметтеріне қарағанда, 15 қыркүйек мен 12 қараша күндері аралығында емханаларға тіркелу науқаны аясында 130 мыңнан аса адам медициналық ұйымдарға тіркелген.

- Оның ішінде 3200-ден аса адам тіркелу науқанымен, 24 мыңға жуық адам еркін таңдау құқығымен, 6000-нан аса адам қоныс аудару себебімен аурухана ауыстырған. Ал электронды қызмет бойынша 24 адам тіркеу науқанына қатысқан, - дейді "ӘМСҚ" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы директорының м.а. Риза Токежанова.

Тіркеу науқаны аясында Өскемен қаласындағы ауруханаларға көп адам тіркелген екен. Оның ішінде "Өскемен қаласының №2 қалалық емханасы" мен "Өскемен қаласының "СВА-МСЧ-2" мекемесі көш бастап тұр.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Тіркелу Емхана